Алғыс айту күні
Қазақстанда көктемнің бірінші күні алғыс, мейірімділік, махаббат күні ретінде атап өтіледі. Бұл күні Ғ. Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері "Солнечный дом" даун синдромы бар балалар мен ересектерге көмек көрсету қоғамдық қорының балалары және үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің балалары үшін ұмытылмас "Дорогою добра" мерекесін өткізді.
Балалардың назарына "Как ослик счастье искал" қуыршақ қойылымы ұсынылды, олар зияткерлік және ашық ойындарға қуана қатысты.
Сондай-ақ, балалар "Аппликация" техникасында көктемгі букет жасады. Өз қолдарымен жасаған түрлі-түсті ашық хаттарды, балалар аналарына табыс етті.
Мереке соңында барлық балаларға естелік сыйлықтар – шығармашылық жиынтықтар табыс етілді, олардың демеушісі қалалық мәслихат депутаты, "SAB BARAKAT" компаниясының директоры Ғұмар Арманұлы Нұртаза болды. @nurtaza. gumar
Мереке мейірімге толы болды, әрі көңілді өтті.
01.03.2024
Қаралым саны: 281