Клуб және үйірмелер
«Шебер қол» клубы
Клубтың жетекшісі: Асель Кабдрашитовна Жолдогарина
Клубтың жұмыс уақыты: әр сенбі сайын сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін
Бағдарламаның мақсаты: балаларды әртүрлі материалдармен таныстыру, заттардың негізгі формаларын көруге үйрету, екі қолдың жұмысын синхрондау, көз бен қолдың жұмысын үйлестіру, әртүрлі әдістерді қолдану.
Шығармашылық сабақтар түстер мен реңктерді, заттардың мөлшері мен санын ажырата білуге үйретеді. Клуб жетекшісі балаларды қолданбалы және қолөнердің әртүрлі әдістерімен таныстырады.
«Тоқу» үйірмесі
Үйірме жетекшісі: Айгуль Исаева
Үйірменің жұмыс уақыты: айдың 2 және 4 жексенбісі сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін
Бағдарламаның педагогикалық орындылығы-оны жүзеге асыру барысында адамның (оқушының) мәдени құндылықтармен қарым-қатынас мәселелерін шешуге, олардың басымдылығын түсінуге бағытталған білімді, дағдыларды, іскерлікті игеру болып табылады.
Осы бағдарламаның мақсаты-балаларға тоқыма бізбен тоқу негіздерін үйрету кезінде адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру, қолданбалы өнердің әртүрлі түрлеріне тұрақты қызығушылықты қалыптастыру арқылы белсенді тұлғаның дамуына ықпал ету.
Тоқу үйірмесін ұйымдастырудың мақсаты - оқушыларға тоқыма бізбен тоқу технологиясын игерту.
«Стендтік модельдеу» үйірмесі
Үйірме жетекшісі: Айбар Абаевич Оспанов
Үйірменің жұмыс уақыты: әр сәрсенбі күні сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
«Стендтік модельдеу» үйірмесінің жұмысы оқушылардың зерттеу қызметіне деген қызығушылығын оятуға бағытталған, патриотизмге, эстетикалық талғамға және шығармашылыққа тәрбиелеудің қуатты құралы болып табылады, әлемдік соғыстар мен жергілікті қақтығыстар контекстінде туған елдің тарихын тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді.
Мақсаты: патриоттық және азаматтық сезімдерге, ұлттық қадір-қасиетке, Отан болашағы үшін жауапкершілікке, басқа халықтардың тарихи өткенін құрметтеуге тәрбиелеу.
«Оқырман және оның достары» клубы
Клуб жетекшісі: Г.К. Ережепова
Клубтың жұмыс уақыты: айдың 2 және 4 сенбісі
Мақсаты:
1. Кіші жастағы балаларды оқуға тарту
2. Жас оқырмандарды оқу мәдениетіне баулу
3. Білімді, шығармашыл оқырманды тәрбиелеу
4. Эстетикалық сезімдерді дамыту
Мақаланы құрған күні 17.04.2019 10:58
Мақаланы жаңартқан күні 31.08.2022 14:21