Домбыра жұлдызы

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызыметкерлері мен Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылында «Домбыра жұлдызы» тақырыбына орта мектебінің жанындағы шағын орталықтың бүлдіршіндерімен ертеңгілік өткізді. Кітапхана қызметкері, жас қаламгерлер үйірмесінің жетекшісі Зағыпар Аманжол бүлдіршіндерді қазақтың танымал күйшілері Құрманғазы, Тәттімбет, Диналардың өмірбаяндарымен таныстырды. «Адай», «Балбырауын», «Көңіл толқыны» т.б. күйлер жас буынның көңілінен шықты. Шараның мақсаты қазақтың қасиетті қара домбырасының бүлдіршіндерге таныту, қызығушылығын арттыру. Шараға қатысқан балалар өздері де домбыраны тартып, жоғары, төмен қағыстарының тартылуын үйреніп, домбыра ойнап көрді. Бүлдіршіндер домбыраның пернесі, тиегі, құлағы, ағашы, ішегі жайлы қойған сұрақтарына толық жауап алды.

20.08.2019

Количество просмотров: 1110

График работы

Понедельник Выходной день
Вторник 10:00 — 19:00
Среда 10:00 — 19:00
Четверг 10:00 — 19:00
Пятница 10:00 — 19:00
Суббота 10:00 — 19:00
Воскресенье 10:00 — 19:00

Последний рабочий день месяца — санитарный день.

Схема проезда

egovГосударственные символыӘділетАссамблея народа Казахстана