Наурыз - жыл басы

«Балалар жылы» аясында және Ұлыстың ұлы күніне, алты ай қыс бойы жатқан қардың жібіп, тіршіліктің ұйқыдан оянатын мезгілі, күн мен түннің теңелетін күні, жаңа жылымызға орай, 2022 жылдың 17 наурызында Ғ. Мүсірепов атындағы балалар-жасөспірімдер кітапханасында «Наурыз – жыл басы» атты  мерекелік іс-шара өтті.

«Наурыз – жыл басы» мерекесі ұлттық салтымыз «Шашу» шашумен басталып, кітапханамыздың қызметкері Гүлжауһар Достанқызының «Наурыз-думан» әнін айтуымен жалғасын тапты. Шара барысында СҚУ Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының 2 курс студенттері Аяған Диас пен Ақәділ Талапбеков айтыс өнерін көрсетті. «Бесікке бөлеу» рәсімі, қазақтың ұлттық ойындары Арқан тарту, Тауық күрес, Хан талапай көрсетілді. Наурыз мерекесінің ажырамас бөлігі Наурыз көже таратылды. Құрметті ақсақалымыз Қыдыр ата болып  бата берді.Келген қонақтар Наурыз мерекесіне жайылған дастарханға жайғасып, кітапхана қызметкерлерінің наурыз мерекесіне дайындаған тағамдарынан дәм татты. Шара соңында барлығы естелік суретке түсті.

18.03.2022

Қаралым саны: 280

График работы

Понедельник Выходной день
Вторник 10:00 — 19:00
Среда 10:00 — 19:00
Четверг 10:00 — 19:00
Пятница 10:00 — 19:00
Суббота 10:00 — 19:00
Воскресенье 10:00 — 19:00

Последний рабочий день месяца — санитарный день.

Схема проезда

egovГосударственные символыӘділетАссамблея народа Казахстана