М. Иманжановтың 105 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды

Мұқан Иманжанов (20.12.1916, Қарағанды облысы , Жезді ауданы – 18.3.1958, Алматы) – жазушы.

Алматы есеп-санақ техникумында оқыған (1935 – 38). Республикалық радио хабарлар тарату комитетінде (1938 – 41), “Социалистік Қазақстан” газетінде әдеби қызметкер (1942 – 43), бөлім меңгерушісі (1943 – 49), “Пионер” журналында бөлім меңгерушісі (1949 – 58) қызметтерін атқарған. Тұңғыш әңгімелер жинағы “Жастық” 1948 жылы жарық көрді. “Алғашқы айлар” (1950, орыс тілінде – 1955) повесі, “Таныс қыз” (1952, 1972, орыс тілінде – 1953, 1956) романы, “Тыңдағылар” (1955) әңгіме және очерктер жинағы басылды. Иманжанов өз шығармаларында кеңестік дәуірдегі өмір шындығын, адамдардың тыныс-тіршілігі мен еңбегін, адамгершілік қасиеттерін суреттеді. Кейін “Көк белес” (1958) романы, “Өркен” (1980) атты мақалалар, естеліктер кітабы, балаларға арналған “Шаңғышылар” (1983) әңгімелер жинағы жарық көрді. Иманжанов драматургия саласында да жемісті еңбек етті. “Жас өмір” (1948), “Менің махаббатым” (1954) повесі мен пьесалар жинағын, “Сөнген шала” (1957) сатиралық комедиясын жазды.

Ұлы Отан соғысының қаһарлы жылары болатын. Бір күні «Социалистік Қазақстан» газетінде «Қош бол, шығысұлы» деген публицистикалық эссе жарық көрді. Ол майданда Отан үшін оққа ұшқан өжет командир, жалынды жас жазушы Баубек Бұлқышев туралы болатын. Соңында автордың «М. Тауұлы» деген бүркеншік аты тұрды. Оны оқығандар ойлы да әсерлі әңгімеге айрықша тебіренді. «Мұны жазған кім болды екен?» - десті. Біреулері: «Ғабит Мүсірепов шығар» - деді. Ал ол шығарманың авторы адал да еңбек сүйгіш өте кішіпейіл, қарапайым азамат, қазақ совет балалар әдебиетінің қалыптасып көркеюіне көп еңбек сіңірген жазушы Мұқан Иманжанов еді.

07.12.2021

Қаралым саны: 568

График работы

Понедельник Выходной день
Вторник 10:00 — 19:00
Среда 10:00 — 19:00
Четверг 10:00 — 19:00
Пятница 10:00 — 19:00
Суббота 10:00 — 19:00
Воскресенье 10:00 — 19:00

Последний рабочий день месяца — санитарный день.

Схема проезда

egovГосударственные символыӘділетАссамблея народа Казахстана