Көрісу күні

#kultsko
#120GMusrepov
#библиотекиСКО #КультураСКО
#детскаябиблиотека
#ОДЮБимГМусрепова
#наурыз

Ғ. Мүсіреповтің туғанына 120 жыл толуына және 14 наурыз – Көрісу күніне орай Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасы мен С. Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театры ұжымы арасында дәстүрлі көрісу рәсімі насихатталып, бірлескен танымдық сұхбат өткізілді. Іс-шараның мақсаты: қазақ халқының арасында сақталған ежелгі рәсім 14 наурыз өтетін «Көрісу күні» дәстүрін үгіттеу. Іс-шара екі жақ арасында көрісу рәсімінен бастау алды. Қара жорға биімен басталған көрісу, тәтті шайдың үстінде сыйлық табыстаумен аяқталды. Қонақтар жағынан дәстүрлі әнші Ғ.Нұрпейісов ән орындаса, кітапхананың атынан айтыскер ақын Жұмабек Рахимов қонақтарға арнау айтты. Іс-шара Ғ.Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама оқумен жалғасын тапты. Сондай-ақ қонақтардың назарына «Көркем сөздің зергері» атты кітап көрмесі ұсынылды. СҚУ Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының студенттері жазушының повесінен, әңгімелерінен үзінді және қазақ әдебиетінің классигі Ғ.Мүсіреповке арнап өзінің шығарған өлеңдерін оқып берді. Танымдық сұхбат барысында қонақтарға сөз берілді.

14.03.2022

Қаралым саны: 331

График работы

Понедельник Выходной день
Вторник 10:00 — 19:00
Среда 10:00 — 19:00
Четверг 10:00 — 19:00
Пятница 10:00 — 19:00
Суббота 10:00 — 19:00
Воскресенье 10:00 — 19:00

Последний рабочий день месяца — санитарный день.

Схема проезда

egovГосударственные символыӘділетАссамблея народа Казахстана